Мектеп түлектерімен кездесу
12.12.2018 ж.«Ащылысай орта мектеп- б/б» КММ-де мектеп түлектерімен кездесу болып өтті.Бұл шараның мақсаты 9-11 сынып оқушыларының болашақ мамандықтарын нақты дұрыс таңдауға бағыттау.Кездесуге Қ. Жұбанов атындағы АМӨУ университеттің студенті - Садыков Серик, Орск қаласындағы Ресейлік батыр Солнечников атындағы политехникалық колледждің студенті - Садыков Александр,Алматы құрылыс және менеджмент колледжінің студенті - Утепова Алинақатысып, өз оқу орындары және оқу орын дарындағы тәртіп туралы әңгімеледі.Сонымен қатар өз мамандықтарымен таныстырды.






















