Ата-аналар жұртшылығымен жиналыс
1 қыркүйек күні мектеп директоры ауылдық округ әкімімен бірге ата-аналар жұртшылығымен жиналыс өткізді. Кездесуде мектеп өмірінің өзекті мәселелері қаралды: 2019-2020 оқу жылында пәндерді оқытудың ерекшеліктері, құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігі, мектеп формасы, оқушылардың тамақтануы.





















