Халықаралық әйелдер күні қарсаңында біздің мектепте түрлі іс-шаралар өтті
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында біздің мектепте түрлі іс-шаралар өтті. Мектепке дейінгі бөлімше мен бастауыш сыныптарда аналар мен әжелерге арналған "Дороже нет тебя на свете"атты мереке ұйымдастырылды. 5-8 сыныптарда аналар үшін "Аяулы ана"атты мерекелік концерті өткізілді. 6 наурыз күні 5-11 сынып оқушылары арасында "Көктем аруы — 2019" сайысы болып өтті. Сайыс жеңімпазы « Көктем аруы» тәжісімен марапатталды.
























