Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған апталық
12-16 қараша аралығында Ащылысай орта мектебінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған апталық өтті. Апталық шеңберінде мынадай іс-шаралар өтті: мектепке дейінгі бөлімшеде "Біздің еліміздің рәміздерін барлық балалар білуі керек" ашық сабағы, 1-4 сыныптар арасында "Бұл -менің Туым! Бұл- менің Елтаңбам! Бұл- менің Әнұраным" атты әңгімелеу сайысы, 5-8 сыныптар арасында ҚР әнұранын үздік орындау байқауы, 9-10 сыныптар арасында " Мен өз елімді мақтан тұтамын!" деген тақырыпта шығарма жазылды. Ең жақсы жұмыстар мадақтамалармен марапатталды.



















