1 маусым-Балаларды қорғау күні
Жаздың бірінші күні- Халықаралық балаларды қорғау күнінде «Ащылысай орта мектеп-бала бақшасы» КММ-нде көңілді ойын – сайыс мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
Клоундар, Жалмауыз кемпір (ертегілердің кейіпкерлері) балаларға әр түрлі ойындар, жарыстар өткізді.Соларға белсене қатысқан балалар құралақан қалмай, тәтті сыйлықтарға ие болды. Шара біткен соң балаларға тәтті дастарқанмен шай ұйымдастырылды.




















