«Ұлтты білім- оқыту сапасы мен отбасы құндылықтары» тақырыбында жалпымектепшіл ата-аналар жиналысы
«Ащылысай орта мектеп-бала бақшасы» КММ-нде мамырдың 15-сінде «Ұлтты білім- оқыту сапасы мен отбасы құндылықтары» тақырыбында жалпымектепшіл ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысының мақсаты – ата-аналарға мемлекеттік білім саясаттың бағыттарын насихаттау және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың интеграциясы. Ата-аналар жиналысында оқу жылының қорытындылары, нәтижелері, 11 сынып оқушыларының қорытынды аттестациясы және оқушылардың тәрбие негізі - «Рухани жаңғыру»бағдарламасын іске асыруы қаралды. Мектеп директоры Ильчевская Л.Н. оқушыларды оқуға ынталандыру және олардың кейінгі дамыту бойынша ата-аналардың рөлі екені туралы баяндады. Ата-аналарды білім беру ұйымдарында тәрбиенушілердің үлгерімі бойынша ағымды бақылау, аралық және қорытынды аттестация өткізу туралы типтік ережелерімен таныстырды. Психолог Агафонова В.С. ата-аналарға оқушының қорытынды аттестациясына дайындығы бойынша ұсыныстар берді және ҰБТ туралы бейнеролик көрсетті. Тәрбие жөніндегі мектеп директордың орынбасары Бондаренко Т.М. 27.07.2017 ж. ҚР БҒМ «Қамқорлық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру бойынша типтік ережелерін бекіту және білім беру мекемелерінде оларды сайлау туралы » №355 жаңа редакциясы бойынша бұйрығымен және өткен жылының ата-аналар қоғамдастығымен мектеп қызметінің байланысымен таныстырды. Әлеуметтік педагог Бекибаева А.М. оқушыларды жан-жақты дамуына, қолайлы жағдай жасау бойынша оқушыларды тұлға ретінде және олардың отбасыларына талдау жасады. Мектеп пен ата-аналар арасында ынтымақтастық құруды жалғастыру - жиналыстың қорытындысы болып есептеледі.




















