Аманкулова Н.О.қызықты адаммен кездесу
«Ащылысай орта мектеп-бала бақшасы»КММ-нде «Мектептегі қабылдау» атты акция жалғасуда. Қарғалы ауданының сот төрайымы–Аманкулова Н.О –мен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 9-11 сынып оқушылары, ауыл ақсақалдары қатысты. Кездесу жайлы, мейіріммен өтті. Назира Олжабаевна балалармен өзі туралы, өзінің жұмысының ерекшеліктері туралы бөлісті.Балалар қызығып тыңдады және сұрақтар қойды.




















