Жаналыктар
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған апталық
12-16 қараша аралығында Ащылысай орта мектебінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған апталық өтті. Апталық шеңберінде мынадай іс-шаралар өтті: мектепке дейінгі бөлімшеде "Біздің еліміздің рәміздерін барлық балалар білуі керек" ашық сабағы, 1-4 сыныптар арасында "Бұл -менің Туым! Бұл- менің Елтаңбам! Бұл- менің Әнұраным" атты әңгімелеу сайысы, 5-8 сыныптар арасында ҚР әнұранын үздік орындау байқауы, 9-10 сыныптар арасында " Мен өз елімді мақтан тұтамын!" деген тақырыпта шығарма жазылды. Ең жақсы жұмыстар мадақтамалармен марапатталды.
Дүниежүзілік төзімділік күніне арналып
Дүниежүзілік төзімділік күніне арналып, 16 қараша күні, Ащылысай ОМ-ББ «С миру по нитке собираем мы улыбки» акциясы өтті. Оқушылар, мұғалімдер және мектеп қызметкерлері бір-біріне күлкі, түрлі – түсті шарлар мен тәтті кәмпиттер сыйлап, қошемет білдірді. Мектептегі бұл күн жақсы және көңілді жағдайда өтті.
Латын әліпбиін қолдану арқылы оқыту диктанты
14 қараша күні Ащылысай ОМ-ББ латын әліпбиін қолдану арқылы оқыту диктанты өтті. Диктантқа 12 мұғалім, 15 оқушы және 3 мектеп қызметкері қатысты.
Видео
Оқырмандар конференциясы
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында мектеп кітапханашысы Новикова Н. В. 8-9 сынып оқушылары үшін ақын, ойшыл Х. А. Яссауидың туғанына 925 жыл толуына арналған оқырмандар конференциясын өткізді.
Мектептің қауіпсіз автобусы
"Мектептің қауіпсіз автобусы" акциясы аясында ата-аналар және оқушылар арасында " Мектептің қауіпсіз автобусы үшін " ұранымен жиналыс өткізілді, жол жүру қауіпсіздігі және балаларды тасымалдау ережелері естеріне салды.
«Лучше всех» таланттар үшін ойын-сауық кеш
Бірінші тоқсан аяқталды . Мереке қарсаңында,26 қазанда Ащылысай орта мектебінде «Лучше всех» таланттар үшін ойын-сауық кеш өтті. Оқушылар таланттарын әртүрлі формада көрсетті,олар көрермендерді таң қалдырды Би,әң,өлең,фокус,әзіл-сықақ,қолөнер,суреттер деңгейде ұсынылды.
Хабарландыру
Құрметті ата-аналар! 2018 жылғы 12 қараша сағат 16-00-де №1 Бадамша орта мектебінде (Әйтеке би көшесі 17Б ) Ақтөбе облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің мамандары қоғамдық қабылдау өткізеді.
Әкімшілік



















