Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

«Ащылысай ОМ-ББ» КММ

A- A A+

Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

«Ащылысай ОМ-ББ» КММ

Актюбинская область

Каргалинский район

КГУ«Ащылысайская СШ-ДС»

Текст бегущей строки

Текст бегущей строки

Текст бегущей строки

Жаналыктар

Мектеп шежіресі

1962-1963 оқу жылы


Ұлы Отан соғысынан соң, 17 жылдан кейін ауылда сегізжылдық мектеп салынды.Сол жылы мектебіміз өзінің ең бірінші түлектерін қияға ұшырды, олар - 25 еді.

1968-1969 оқу жылы


Уақыт өте келе сегізжылдық мектебіміз онжылдық мектепке айналды.Сабақтар екі ауысымда жүріп жатты. Бұл жылы мектеп қабырғасынан 21 түлек ұшқан еді


1971-1972 оқу жылы


Бұл оқу жылы алғаш рет мектеп кітапханасы мен тамақтану буфеті шәкірттерге өз есіктерін айқара ашты.Үлкен үзіліс кезінде оқушылар жаңа піскен сары самса, пешене жеп,ыстық шай ішетін.Сәл кейін мектеп ғимаратынан бөлек денешынықтыру үйі бой көтерді.


1985-1986 оқу жылы

Осы оқу жылы оқушылар саны 400 тарта болды, сондықтан алдымызда жаңа мектеп ғимаратын салу мәселесі тұрды.

 

1991-1992 оқу жылы

1 қыркүйекте Ащелисай орта мектебі оқушылары мен мұғалімдер ұжымы Білім күнін екіқабатты жаңа мектеп ғимаратында тойлады.Жаңа мектеп 500 орынға есептелген.

2006-2007 оқу жылы

Ащелисай орта мектебі ғимараты ішінен мектепке дейінгі бөлім ашылып, салтанатты түрде бүлдіршіндер қабылданды.Мектепке дейінгі бөлімде екі топ жұмыс істеді: дайындық тобы және түрлі жасты балалар тобы.Енді мектебіміздің атауы да өзгеріп, ММ « Ащелисай орта мектеп – бала бақшасы» деп аталды.Бұл жылы мектепке дейінгі бөлім 27 бала қабылдаған еді.


Бүгінгі күні «Ащылысай орта мектеп- бала бақшасы» КММ өз дәстүрлері бар кемелденген мекеме.Мектеп – бала бақшасында 112 оқушы және 42 бүлдіршін оқып- тәрбиеленуде.1,2,5,7 сынып оқушылары жаңартылған бағдарлама бойынша білім алуда.1-11 сынып оқушыларының барлығы да 5 күндік сабақ кестесі бойынша оқытылуда.Мектепте үштілділік оқыту қамтылған.